Алайда алдыңғы апталардағы бақылау жұмыстары кезінде дәрі бағаларының көтерілуі байқалған еді. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, осы күнге дейін дәрі тапшылығын қолдан жасағандарға 18 әкімшілік іс қозғалыпты.
- Тұрғындар тарапынан түскен шағымдарға сәйкес дәрілердің қолжетімділігі, шекті бағасының сақталуын назарға алып келеміз. Анықталған кемшіліктерді дер кезінде құзыретті органдарға беріп отырмыз. Нәтижесінде кемшіліктер жойылып келеді. Мәселен қазір дәрілердің шекті бағасы көрнекі жерлерге ілініп қойыпты. Бүгінгі іс-шарада қажетті дәрілердің тапшылығын байқамадық. Өйткені алдыңғы аптада қала дәріханаларына 115 мың дәрілік препарат түсті, - деді ол.Вирусқа қарсы, қызу түсіретін препараттар мен антибиотиктердің жеткізілуі Ақтөбе облысының әкімдігі мен Орынбор қаласындағы облыстық дәріхана қоймасы арасындағы келісім аясында іске асқан. Облыстағы ірі дәріханалардың дәрілік қорын инвесторлардың есебінен толықтыру үшін өңірде 500 млн теңгеден астам қаражат қарастырылыпты. Соның ішінде 90 млн теңгеге 11 позиция бойынша 115 мың препарат алынған. Енді 1 млн-нан астам дәрі-дәрмек келгелі отыр.
- Дәл қазір дәріханада сұранысқа ие вирусқа қарсы, қызу түсіретін препараттар мен антибиотиктер және медициналық құрал-жабдықтар бар. Дәрілерді рецепт бойынша әрбір адамға 3-4 қораптан ғана береміз. Шекті бағаны сақтап отырмыз. Қазір қызу түсіретін дәрілерге деген халықтың сұранысы азайып келеді, - деді ол.«Миллениум» дәріханасының меңгерушісі Құрма Құрманалина да дәріхана алдындағы кезектің азайғанын, соған қарамастан аталмыш дәрілер күн сайын жеткізілетінін айтты. Парацетамол сияқты қажетті дәрілер бітіп қалған жағдайда, келесі күнге дейін тұтынушыларға оның аналогтары ұсыналады. Іс-шараның соңында біраз қала тұрғындарын сөзге тарттық. Олардың көбі қызу түсіретін дәрі іздеп жүрген жоқ. Мәселен Айгүл Уталиева дәріханаға жолдасына қан қысымын реттейтін дәрі алуға келіпті. Осыдан он күн бұрын баласы ауырып, қажетті дәрілерін дәріханалардан тапқан екен.
Мадияр ТӨЛЕУ