Балалар арасында коронавирустан ешқандай өлім-жітім тіркелген жоқ - министрлік
Балалар арасында коронавирустан ешқандай өлім-жітім тіркелген жоқ - министрлік
130
оқылды
Балалар арасында коронавирустан ешқандай өлім-жітім тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады.
«Қазіргі таңда елімізде  коронавирус жұқтырғандар саны 73,4 мыңнан асты. Олардың 61,8 пайызы емделіп шықты. Пневмониямен ауырып жатқан адамдардың саны ауруханаларда 8 мыңға жуықтайды. Мамыр айынан бастап 1 мыңнан астам бала ауырды. Қазір жүзден астам бала емханада ем алуда. Балалар коронавирус инфекциясының өте жеңіл түрімен ауырып жатыр. Балалар арасында коронавирустан ешқандай өлім-жітім тіркелген жоқ», - деді Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек,  бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқанын хабарлаған болатын.