«Ашық әкімдік» шарасына 600-ге жуық тұрғын қатысты
«Ашық әкімдік» шарасына 600-ге жуық тұрғын қатысты
162
оқылды

Бас қаланың Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр және Есіл аудандарында «Ашық әкімдік» шарасы өтті.

Шараға аудан әкімдері және жауапты мекемелердің басшылары қатысты.

«Ашық әкімдік» шарасында тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жалдамалы пəтер, үлескерлік құрылыс, десаулық сақтау, мектепке дейін және жалпы білім беру, кəсіпкерлікпен шұғылдану, жұмысқа орналастыру, мекенжайлық әлеуметтік көмек бойынша қайта есептеу т.б. сұрақтарымен 573 азаматтың жеке мәселелері қарастырылып, оларға заң аясында көмек көрсетілді. (Сарыарқа – 222 адам, Алматы – 110 адам, Байқоныр – 143 адам, Есіл – 98 адам).

Оның ішінде 100-ге жуық көпбалалы жəне ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары болды.

Elorda Aqparat