Nur Otan Шығыста дәріханаларға мониторинг жасап, арнайы тексеру жүргізді
Nur Otan Шығыста дәріханаларға мониторинг жасап, арнайы тексеру жүргізді
136
оқылды

Өскемен.

Мәселен, Nur Otan партиясының Өскемен қалалық филиалының партиялық бақылау қызметі «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бақытпен бірге қаладағы дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын сақтау мақсатында қоғамдық бақылауды күшейтіп жатыр. Бүгінде аса қажетті «Парацетамол», «Аспирин» және өзге дәрілер Өскемен қаласы мен өзге өңірлердің қоймасына жеткізілген. Алдағы күндерде дәріханаларда қол жетімді болмақ.    width= width=
– Бірақ, дәріханаларда бұлардан бөлек ыстық түсіретін алмастырушы дәрі-дәрмектертер де бар, олардың қоры жеткілікті. Бағалары тұрақты. Өскеменде бір ғана дәріханада бетперде бағасы шектік бағадан сәл асқаны анықталды, мысалы 118 теңгелік бір бетперде, 120 теңгеден сатылған. Оны түзеттік. Қазіргі жағдайдың барлығы жетекші партия мен «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің тұрақты бақылауында, – дейді Маржан Бақыт.
Айта кетейік, дәрі-дәрі бағасының тұрақтылығын тексеру арналған рейд Өскеменде ертең де жүргізілмек.  

Семей

Құрамында Семей қалалық мәслихатының хатшысы, қалалық мәслихаттағы Nur Otan партиясы фракциясының депутаты, партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі және дәріханалардың өкілдері бар дәріханалар қызметіне мониторинг жүргізу бойынша уақытша мобильді топ Семейдегі "Медсервис +", "Іңкәр", "Аманат" көтерме фармацевтикалық қоймаларына барып, дәрі қоймаларының басшылығымен кездесті. Дәл осы арадан қажетті препараттар қаладағы және ауылдардағы дәріханаларға жөнелтіледі.    width=  width=  width= Мобильді топ мүшелері көтерме қоймаларға дәрі-дәрмектер әзірге жеткіліксіз мөлшерде келіп түсуіне байланысты, дәріханалық бөлшек сауда желісінде дәрі-дәрмек тапшылығы болуы мүмкіндігін, оны шешу жолдары қарастырылып жатқанын атап өтті. Жұмыс тобы алдағы уақытта да Семей қаласының дәріханаларына мониторингті  жалғастыратын болады.

Бесқарағай ауданы

Семейге іргелес жатқан бұл ауданда да дәрі-дәрмек бағасын реттеу мен жеткілікті түрде қамтамасыз ету тұрақты жолға түскен.    width=  width=  width= Nur Otan партиясының Бесқарағай аудандық филиалының төрағасы Шалқар Байбековтың тапсырмасы негізінде тұрғындар мен дәрігерлерге қолдау көрсету жоспары аясында аудандық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің және тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасы өкілінің қатысуымен ауданның дәріханаларына кезекті рейд өткізілді. Іс-шара барысында дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар болуына, дәрі-дәрмектердің бағасына және оларды халыққа сату ережелеріне мониторинг жүргізілді.    width=  width= Қоса кетсек, мұндай іс-шаралар ауданда аптасына екі рет қажетті дәрі-дәрмектерге бағаның өсуіне жол бермеу және аудан тұрғындарына қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында өткізіліп келеді. Мониторинг  нәтижесінде топ мүшелері халықтың бактерияға қарсы, ыстықты төмендететін, вирусқа қарсы дәрілер мен антикоагулянттарға деген сұранысын анықтады. Олар болмаған жағдайда құрамында негізгі емдік компоненттері бар толыққанды алмастырушы препараттар тұрғындарға ұсынылады. Рейд қорытындысында жетіспейтін дәрі-дәрмектер бойынша жергілікті атқарушы органдар Семей қаласындағы медициналық препараттардың көтерме сауда қоймаларының басшылығына тиісінше сұраныс жасады.

Абай ауданы

Сондай-ақ, рейдтік шаралар қасиетті Абай топырағында да жүргізілді. Nur Otan партиясының Абай аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ерлан Арнаұлы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Еділ Құдайбергенов, партияның аудандық филиалының кеңесшісі Қуат Қалиев, ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Абай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маман-заңгері Айбек Манарбекұлы  «Қазақстан Республикасының азаматтары мен медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету» жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес аудан орталығында орналасқан дәріханада дәрі-дәрмектердiң халық үшін қол жетімділігі мен сатылу бағасына  мониторинг жүргізді.    width=  width=   Мониторинг барысында, дәрі-дәрмектердің бағасын себепсіз қымбаттату фактілері анықталған жоқ. Ауданда қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

Тұрғындарға тегін бетперделер таратып жатыр

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен шаһарында ерекше акция өтіп жатыр. Дәлірек айтсақ, қазіргі пандемияға қарсы күрес шараларына байланысты Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалындағы жастар қоғамдық орындарда тегін бетперделер таратып жатыр.    width= Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біздің міндетіміз — халықты тегін бетпердемен қамтамасыз ету. Ең бастысы — азаматтарымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі! Іс-шара Өскемен қаласындағы халық көп жиналатын «Арбат», «Жамбыл атындағы саябақ» және «Қасым Қайсенов атындағы саябағы» маңайында ұйымдастырылуда. Еріктілердің акцияны өткізудегі басты мақсаты – өңірдегі карантин шараларына байланысты қоғамдық орындарда азаматтардың сақтық шараларын қамтамасыз ету. Азаматтардың бетперделерді тағуын жүйелі жүзеге асыру және қоғамдық орындардағы әр азаматтың жауапкершілігін арттыру болып отыр. Аталмыш акция әлі де жалғасып жатыр.    width= Өз кезегінде қала тұрғындары белсенділердің оларға қамқорлық жасап, тегін бетперде таратып жатқанына қуанып, алғыс білдірді. – Карантиннің негізгі мақсаты коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау екені белгілі. Сондықтан тұрғындардан карантин режимін сақтауды, сақ болуды және ерекше қажеттіліксіз үйлерінен шықпауын сұраймыз, – дейді өскемендік жасотандықтар.  

Дәурен АЛЛАБЕРГЕНҰЛЫ,

Шығыс Қазақстан