Арман Асенов «Қазақфильм» киностудиясының басшысы болып тағайындалды
Арман Асенов «Қазақфильм» киностудиясының басшысы болып тағайындалды

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті болып Арман Асенов тағайындалды.

Арман Асенов 1972 жылы 17 сәуірде Германияның Веймар қаласында дүниеге келген. Актер, продюсер.

2017 жылдың 6 қаңтарынан бүгінге дейін «Республика алаңы» ЖШС директоры болып қызмет еткен.

1995-2000 жылдары «Қазақфильм» АҚ продюсері қызметін атқарып, киностудияда түрлі қызметтерде болған. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты.