Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустан 610 адам көз жұмғанын айтты. Кеше жарияланған ресми мәліметте КВИ-ден көз жұмғандардың саны 585 деп көрсетілсе, бір күн ішінде өлім саны тағы 25 адамға көбейген.
«Қателеспесем, коронавирустан көз жұмғандардың саны 610 адамға жетті. Негізі, бұл аптасына бір рет жарияланатын стастистика. Өйткені, арнайы комиссия қайтыс болған адамдардың өлімі нақты неден болғанын анықтауы тиіс», - деді министр.Министрдің айтуынша, ресми түрде коронавирустан 59 дәрігер көз жұмған.
«Қаза тапқан дәрігерлердің тізімін аймақтардан аламыз, содан оны өтемақы беру үшін Еңбек министрлігіне береміз. Қазір тікелей коронавирустан қаза тапқан дәрігерлер саны 59 адам. Жалпы, жұмыс орнында жұқтырған дәрігерлер саны – 123», - деді Цой.Еске сала кетейік, 3-19 шілде аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 210 адам көз жұмды.