Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Асқар Бейсенбаев елші болып тағайындалды

Нұрбек БАҚЫТ
Тамыз 12, 2019
Саясат
1.2k
қаралым

Белгілі журналист Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысы Қазақстанның Италия мен Малайзиядағы елшілерін тағайындады

Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика вице-министрі болды

Асқар Бейсенбаев Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Асқар Бейсенбаев 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Технологиялар және ақпараттық жүйелер институты), Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университетін бітірген.

1983-1988 жылдары – Түлкібас консерві зауытының ауысым инженер-технологы, «Ленин жолы» кеңшарының консерві цехының бас технологы, бастығы, ЛКЖО Сайрам аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы.

1988-1994 жылдары – Түлкібас консерві зауытының бас инженері, директоры, Түлкібас нантағамдары комбинатының директоры.

1994-1998 жылдары – президент АО «Көктерек» акционерлік қоғамының президенті. 1998-2001 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2001-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші шақырылымының депутаты.

2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылымының депутаты – Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті жанындағы «Отбасы» депутаттық тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті жанындағы «Ауыл» депутаттық тобының мүшесі. 2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымының депутаты – Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болған.

2013 жылдан сенатор. 2013-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болды. Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болды. «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.

 
Тегтер: Асқар Бейсенбаевтағайындау
Алдыңғы жаңалық

Арман Асенов «Қазақфильм» киностудиясының басшысы болып тағайындалды

Келесі жаңалық

Нұртөре Жүсіп Сенат депутаты болып тағайындалды

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде баспана мәселесі қашан шешіледі?
Әлеумет

Елімізде баспана мәселесі қашан шешіледі?

Ақпан 26, 2021
Артур Платонов, Nur Otan, Бауыржан Байбек, Nur Otan Партиялық бақылау комитеті
Жаңалықтар

Артур Платонов Nur Otan Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Ақпан 26, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев, Kaspi.kz, Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе
Жаңалықтар

Тоқаев Kaspi.kz-тің негізін қалағандарды қабылдады

Ақпан 26, 2021
Тоқаев
Саясат

Жер шетелдіктерге сатылмайды

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістанда төрт баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақпан 28, 10:14

Оқушылар наурыздан бастап мектепте оқитын болды

Ақпан 28, 09:47

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Ақпан 27, 23:55

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Облыс әкімі көңіл айтып, жағдайды бақылауға алды

Ақпан 27, 23:07

Айдос Ербосынұлы келесі жекпе-жекте IBF чемпионымен кездеседі

Ақпан 27, 22:43

Павлодар облысында халық саны азайған

Ақпан 27, 22:14

Түркістанда жекеменшік үйде төрт бала мен бір ересек адамның денесі табылды

Ақпан 27, 21:33
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

түркістан

Түркістанда төрт баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақпан 28, 2021
наурыз

Оқушылар наурыздан бастап мектепте оқитын болды

Ақпан 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»