Коронавирустан үй және амбулаториялық деңгейде емдеу хаттамасына тегін бес фармацевтикалық дәрі енгізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
«Пневмонияны, коронавирусты пневмонияны, коронавирустяы үй және амбулаториялық деңгейде емдеу хаттамасына тегін бес фармацевтикалық препарат енгізу мәселесі қарастырылып жатыр», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.Министрдің айтуынша, дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп беріледі.
«Қазір қажетті процедуралар жүргізіліп жатыр. Емдеу хаттамалары енгізілуде. Пациенттер ауруханаға жетпей жатып, емді үйінде ала алатындай, яғни препапаратты үйіне жеткізу мәселесін пысықтаудамыз», - деді ол.Сонымен ыстық түсіретін препараттардан «Парацетамол» мен «Ибупрофенді», антикоагулянттардан «Ривароксабан», «Апиксабан» мен «Дабиготранды» енгізу көзделген.
«Бөлшектік сауда үшін біз Ресей мен Үндістаннан 6 әуе рейсін орындап, Қазақстанға 4 млн қаптама дәрі жеткізілді. Одан бөлек әрбір аймақ өздігімен бұл жұмысты жүргізуде», - деді Алексей Цой.