Қасым-Жомарт Тоқаев Смағұл Елубаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Смағұл Елубаевты қабылдады
162
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубаевты қабылдады.

Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиеті мен отандық кино өнерінің дамуы талқыланды. Мемлекет басшысына алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар, соның ішінде, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау аясындағы шаралар жөнінде мәлімет берді. Қазақстан Президенті төл мәдениетіміздің өркендеуі ұдайы назарда болатынын айтып, сапалы әдеби туындылар мен кинофильмдерді жарыққа шығарудың маңыздылығын атап көрсетті.