Қазақстанда коронавирустан жүкті 40 әйел көз жұмды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.
«Жаңа туған шақалақтың шетінеуі орын алған жоқ. Жүкті әйелдер арасында 40-қа тарта адам көз жұмды. Олар коронавирус жұқтырып, босанар кезде жан тапсырды», - деді ол.Еске сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустан 59 медициналық қызметкер көз жұмғанын хабарлаған болатын.