Бейсенбай Тәжібаев Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Бейсенбай Тәжібаев Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
148
оқылды

Саяси кеңестің аймақтық бюросының ұсынысмен Бейсенбай Тәжібаев Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Түркістан облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Бұған дейін Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек еліміздің бірнеше облыстарын аралап, онда жергілікті атқарушы орган басшыларының партиялық жауапкершілігін күшейту және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракцияларының рөлін арттыру туралы бірқатар мәселелер талқыланған-ды. Оның ішінде тез арада шешімін табуы тиіс проблемалық объектілер жеке партиялық бақылауға алынған болатын.

Арыс қаласына жасаған іс-сапарынан соң Бауыржан Байбек өзінің Twitter-дегі парақшасында партияға Nur Otan-ның Түркістан облыстық филиалы бірінші орынбасарының үстінен көптеген шағымдар түскенін жазды.

 «Филиал төрағасымен келісе отырып, бұл мәселені Саяси кеңестің аймақтық бюросында қарап, Н.Жолдасовты партия қатарынан шығаруға дейін шара қолдану керек деп есептеймін. Жалпы, халықтың партияға деген сенімін арттыру үшін партиялық тәртіпті түбегейлі күшейтіп, ішкі «тазарту» жұмыстарын жүргізу қажет» - деді ол.

 Айта кету керек, Nur Otan партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың партияны жаңғырту және кадрларды жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бұған дейін Ерлан Каналимов Нұр-Сұлтан қаласындағы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын.