24 шілдеден бастап Бурабай мен Зеренді жабылады
24 шілдеден бастап Бурабай мен Зеренді жабылады
590
оқылды
Ақмола облысы туризм басқармасы 24 шілдеден бастап Бурабай мен Зеренді жабылатынын хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша,  облыстың туристік аймақтары 24 шілде 00:00-ден бастап 3 тамыз 00:00-ге дейін жабық болады. Бұған карантин шараларының күшейтілуі мен демалушылардың азаматтық жауапкершілігінің төмен болуы себеп болған.
"Курорттық аймақтарға кіреберісте блок бекеттер орнатылады, сондай-ақ, көлік қозғалысы шектеледі", - делінген хабарламада.
Бұған дейін келген турситер қонақүйлер мен шипажай-курорттық нысандарда қалады. Демалыстағы адамдар бетперде тағып, қашықтықты сақтауы тиіс екені айтылған. Қонақүйлерге бөлмелерді брондауға өтініш қабылданбайтын болды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін нысандар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимде қызметін жалғастырады. Жалға берілетін жағажайлар, сауна, қонақүй бассейні жабылады. Жағалаудағы сауда орындары мен қайық стансаларының жұмысы тоқтатылады.