Елордада 6 мыңға жуық тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алып жатыр
Елордада 6 мыңға жуық тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алып жатыр
5,130
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен бас қалада көпбалалы отбасыларға әкімшілік тарапынан көрсетіліп жатқан көмек жайында айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен еліміздің әлеуметтік саясатын күшейтуге бағытталған оң шешімдер көп. Соның ішінде, атаулы әлеуметтік көмек, бірреттік қарызды кешіру, жұмыспен қамту, сапалы білім мен медициналық көмекті тегін көрсету, сондай-ақ үймен қамтамасыз етуге арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы сәтті іске асуда.

Елордада көпбалалы аналармен қатар, мүгедек балалары бар отбасылар немесе жалғыз асыраушысынан айырылған балалар, сондай-ақ жетім балалар, зейнеткерлер мен мүгедек жандар әлеуметтік қорғауға тиесілі топқа жатады. Еліміздің әлеуметтік саясатына сәйкес, осы топтағы барлық азаматтарға теңдей көмек көрсетілуі қажет. Соның ішінде, үй мәселесі, әлеуметтік төлемдер мен көмектер, жұмыспен қамтылу және медициналық қызметтерді уақыттында көрсетуді бірінші орында.

Бүгінде қалада 6 мыңға жуық тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алуда.

Қазір бас қалада 47 мыңнан аса адам баспана кезегінде тұр, баспананың барлығы тәртіппен беріліп жатыр. Негізі бұл цифр – өте жоғары көрсеткіш. Қазірдің өзінде, аймақтармен бірлескен «Нұрлы Ертіс» бағдарламасымен 129 отбасы Екібастұз қаласына көшірілді.

Сондай-ақ, тұрғын үй сертификат түрінде бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне (білім беру, денсаулық сақтау, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету және Нұр-Сұлтан полиция басқармасының қызметкерлеріне) әлеуметтік көмек көрсетілді. 2019 жылы 1500 тұрғын үй сертификат 1 млн теңгеден бөлінеді.

Бүгінгі күнге 242 тұрғын үй сертификаты берілді.

Қаламыздағы «Бақытты отбасы», «Берекелі баспана» сияқты арнайы бағдарламалар аясында 298 жалдамалы пәтерді жуырда беруді жоспарда бар.