Оқыс оқиға 20 шілдеде жергілікті уақытпен 17:40-та болған. Қыз бала тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткен. Ал бес қабатты үй облыс орталығындағы Скатков көшесі бойында орналасқан. «Ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Оған бас сүйегінің жабық жарақаты диагнозы қойылған. Оқиға орнында төтенше жағдайлар саласының мамандары болды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері. Еске сала кетсек, маусым айында Қызылордада 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кеткен еді.