«Nur Otan» Солтүстіктегі дәріханаларға тексеру жүргізді
«Nur Otan» Солтүстіктегі дәріханаларға тексеру жүргізді
136
оқылды
                                                                         Көкшетау Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері және «Nur Otan» партиясы Көкшетау аумақтық филиалының партиялық бақылау комиссиясы халықты қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысына, сондай-ақ дәрі бағасына бақылау жүргізді.  width= Мониторингтік топ 20 шілдеде «Денсаулық» дәріханалар желісі филиалында болып, дәрі бағасының қымбаттамағанына көз жеткізді. Әйтсе де, мониторингті ұйымдастырушылар дәріханаларға келушілермен сөйлесіп, әлі де болса дәрі тапшылығы сезіліп жатқанын анықтады. Дәріханада жұмыс істейтін мамандар да жергілікті халық тарапынан дәріге сұраныс көп екенін және қажетті дәрі-дәрмек жетпей жатқанын айтты. Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз қымбаттағанын көрген азаматтар +7 702 000 24 94 нөміріне WhatsApp арқылы байланысқа шығып, дәріхана мекенжайын, атауын айтып, аудио-видеожазба жіберуіне болады.                                                                      Ерейментау  «Nur Otan» партиясының Ерейментау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Абжиков және аудандық партия филиалы бақылау комиссиясы мүшелері Ерейментау қаласы бойынша орналасқан дәріханаларға рейд жүргізді. Мақсат –дәріханалардың аудан тұрғындарын қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етуін және дәрілерге белгіленген бағаның өспеуіне көз жеткізу.  width= Тексеріс қорытындысы  бойынша, дәрі-дәрмек жеткізуші фирмалар парацетамо́л, ацетилсалици́л қышқылы, цефазоли́н сынды дәрілермен жергілікті тұрғындарды толық қамтамасыз ете алмай отырғаны анықталды. Енді осының себебін анықтау үшін жеткізуші жауапкершілігі шектеулі серіктестік иелерінің байланыс деректері алынып, басшыларының атына «сұраныс хат» әзірленіп жатыр. «Жергілікті тапсырыс беруші дәріханалар кінәлі емес. Кінә жеткізуші фирмалар мен қойма мекемелерінде. Олар сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр», – дейді Nur Otan  партиясы Ерейментау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Медеу Абжиков.                                                                  Сандықтау  Осындай қиын сәтте көмекке келетін ақ халатты абзал жандарға алғысымыз шексіз. Сандықтау ауданына қарасты фельдшерлік-акушерлік пунктте екі медицина қызметкері аянбай қызмет етіп, 1066 пациенттің денсаулығына қарап жатыр. Олар: Мадина Вахаева және Зарема Идрисова. Еңбегімен еленген абзал жандар жергілікті тұрғындар мен басшылықтың алғысына бөленді.  width=                                                                              Ақмола облысы Өткен жылмен салыстырғанда «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы көмегіне жүгінетін тұрғындар көбейген. Елдегі төтенше жағдай және карантин уақытында партияның Ақмола облыстық филиалы тұрғындардың әлеуметтік мәселесіне назар аударып, онлайн режимде байланысқа шығып жатыр. Партияның Ақмола облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ақманат Әлімбетованың айтуынша, мұнда күніне 30 адам хабарласады. Олардың 80 пайызы әлеуметтік мәселе бойынша, ал 20 пайызы кеңес алуға жүгінеді екен.  width= Осыдан екі апта бұрын «Дәріні тиімді бағаға қайдан сатып ала аламыз?»,  Компьютерлік томографиядан қай жерден өтуге болады?» деген сұрақтар көбейген еді. Мамандар әрбір тұрғынға тез арада көмек көрсетіп, сұрақтарына жауап беріп жатыр. Осы уақытқа дейін медициналық қызметке байланысты тұрғындар тарапынан ешқандай шағым түспеген. Birgemiz қоры мен жергілікті кәсіпкерлер мұқтаж жандарға  материалдық көмек көрсетті.                                                                           Астрахан ауданы Кәсіпкерлер мен Астрахан ауданындағы партиялықтар  Р.Экажев, Н.Оразбаев, М.Досмағамбетов, В.Гендик, Д.Жұмалдинов аудандық ауруханадағы коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан науқастарға өкпені жасанды желдету аппараттарын, қажетті дәрі-дәрмектер және жеке қорғаныс құралдарын апарып берді. Құрал-жабдықтар мен дәрілердің бағасы – 1 млн теңге.  width= Бұл кәсіпкерлердің әлеуметтік жағдайға бейжай қарамайтынын және ауызбіршілігін көрсетті. Игі іс ары қарай жалғаса береді.  width= width=                                                                           Есіл ауданы Есіл аудандық ауруханасында  коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдейтін инфекциялық және провизорлық стационарлар жұмыс істеп жатыр. Стационарда 20 орын бар. Бүгінде оның бәрі лық толы. Мұнда көбіне өкпесі қабынған науқастар ем қабылдап жатыр. Ал халатты абзал жандар оларға қолынан келгенше көмектесуде.  width= width=