Партия филиалында жаңа басшы
Партия филиалында жаңа басшы
155
оқылды

Түркістан облысының әкімі, Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев филиал аппаратымен және бюро мүшелерімен жиын өткізіп, Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарын таныстырды.

Nur Otan партиясы облыстық фи­лиа­лы Саяси кеңес бюросының №020 қау­лысын негізге ала отырып, Nur Otan пар­тиясы Төрағасының Бірінші орын­ба­сары Бауыржан Байбектің 2019 жыл­дың 9 тамыздағы №148 бұйрығымен Түр­кістан облыстық филиалы төра­ға­сы­ның бірінші орынбасары лауазымына Бейсенбай Тәжібаев тағайындалды.

– Халықпен ашық және кең деңгей­де­гі диалог орнатуды қайта ұйымдас­ты­рып, атқарушы билік пен қоғам ара­сын­дағы қарым-қатынастың ашықтығын қам­тамасыз етуде партияның рөлін кү­шейтуді тапсырамын. Тұрғындардан ке­ліп түсетін арыз-шағымдарды қа­рау­ды және нәтиже шығаруды, тиісті мем­лекеттік органдардың басшыларын, де­путаттық корпусты, фракция мү­ше­лерін тарта отырып, күшейту қажет. Арыс­та орын алған жағдайға қатысты мем­лекет тарапынан жасалынып жат­қан жұмыстарды елге түсіндіруді бел­сенді түрде жүргізу керек. Бұл ретте Бей­сенбай Дәулетұлы партиялық жо­ба­ларды іске асыруда біліктілігін көр­сете біледі деп сенемін, – деді облыс бас­шысы.

Облыстық филиал төрағасының бі­рінші орынбасары болып тағайындалған Бей­сенбай Тәжібаев 1982 жылы Оңтүс­тік Қазақстан облысында дүниеге кел­ген. Мамандығы – журналист, құ­қық­танушы.

Еңбек жолын 2002 жылы «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» ЖШС газеттерінің тілшісі болып бастап, 2005-2017 жылдары аралығында Қазақстан рес­публикалық телерадиокор­пора­ция­сы­ның облыстық филиалының редак­торы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі ап­параты баспасөз қызметінің бас­шы­сы, «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-сая­си газетінің бас редакторы, «Айқын» га­зетінің Астана қаласындағы тілшілер қо­сынының жетекшісі, елордалық «Аста­на» журналының бас редакторы, Түр­кістан облысы әкімі аппараты бас­пасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы лауазымын атқарды.

2018 жылдың тамыз айынан бастап Түр­кістан облысы ішкі саясат басқар­ма­сының басшысы қызметін атқарған.

 

Түркістан облысы