«Басқа амал жоқ» – Солтүстікте электр энергиясы қымбаттайды
«Басқа амал жоқ» – Солтүстікте электр энергиясы қымбаттайды
Фото: Интернеттен алынды
«СевКазЭнергоСбыт» ЖШС бұл қадамға амалсыздан барып отыр, – деп жазады «Қазақпарат». Өйткені кәсіпорын энергияның 1кВт/сағатын Жылу электр орталығынан бұған дейін 6,7 теңгеге сатып алып келсе, қазір жеткізуші компания тарифті 8,38 теңгеге көтерген.
«СевКазЭнергоСбыт» ЖШС бас директоры Мағауия Сағындықов: «Тарифті түзетін басқа да қызмет түрлері, жабдықтау құны өзгеріссіз қалды. Нәтижесінде, жеке тұлғалар электр энергиясының 1кВт/сағатына бұрын қосымша құн салығынсыз 14,21 теңге төлесе, енді 12% қымбаттағаннан кейін 15,89 теңге төлейтін болады. Біздің есебіміз бойынша тұтынушылар түбіртек бойынша орта есеппен 200 теңге артық төлейтін болады», – дейді.
Мамандардың айтуынша, республика бойынша электр энергиясының орташа тарифі 1кВт/сағатына 17,81 теңге тұрады, бұл – СҚО-ның тарифінен 11,8% немесе 1,89 теңгеге қымбат. Бүгінде кәсіпорынның 164 464 абоненті бар, оның 92 мыңнан астамы Петропавлда тұрады.