Қазақстанда кеңсе, тойхана, мейрамханалар қаңырап бос қалмай ма?

Қазақстанда кеңсе, тойхана, мейрамханалар қаңырап бос қалмай ма?

Қазақстанда мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарын жалға алу бағасы бір жыл ішінде едәуір төмендеді. Биыл маусым айында energyprom.kz-тің жазуынша, коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру құны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,8% арзандады. Әсіресе, Ақмола (-8,4%), Атырау (-8,2%), Маңғыстау (-6,3%), Ақтөбе (-6,1%) және Шығыс Қазақстан (-5,6%) облыстарында байқалады. Сонымен қатар тек үш облыста баға өскен. Осылайша, жалға алу құны Батыс Қазақстан (+1,1%), Түркістан (+0,8) және Қызылорда (+0,1%) облыстарында өсті. Мейрамханалар мен тамақтану орындарын жалға алу бағасы бір жыл ішінде 6,8% төмендеді. Биылғы маусым айында мейрамханаларды жалға алу құны бір шаршы метр үшін – 2432 теңге, дәмханалар – 4152 теңге, асханалар – 1866 теңге.