Атырауда тұрғындар талапқа бағынбай тұр
Атырауда тұрғындар талапқа бағынбай тұр
133
оқылды
Полицейлер дүкендер мен супермаркеттердің, кафе-мейрамхана иелері тарапынан, сонымен қатар түнгі 23.00-ден кейінгі  шектеулерді орындамаған 400-ден астам бұзушылық дерек­терін анықтап отыр. Департамент бастығы, поли­ция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтің  айтуынша, 11 шілдеден бас­тап құрамында әкімдік, сани­тарлық-эпи­демиологиялық   және полиция өкілдері бар мони­торингтік топтың арқасында карантин режимін бұзған 388 оқиға тіркеліпті. Осы мерзім ішінде облыста салынған тыйымдарға қара­мастан, үйлерінде адам жинап, жиын-той, садақа өткізген 19 отбасы  анықталды. Мобильді топтармен дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз өсіру деректерін анықтау мақ­сатында 50-ден астам дәрі­ханалар тексерілді. Тексеріс барысында  қала­дағы дәріханалардың біразында  дәрі-дәрмекті көтерме бағамен сату дерегі анықталды. Соны­мен қатар тексеру кезінде белгі­ленген шектеулерді орын­дамаған бір­неше дүкенді тап­қан. Мысалы,СМП-163 ықшам­ауданындағы азық-түлік дүкені сағат 21.30 шамасында жұмыс істеп тұрған. Облыс орталығы Атырау қала­сында карантин  шектеулерін орын­дамаған 450 жағдай тіркел­ген. Карантин талабын сақтамау  Атырау облысы тұрғындарының вирус жұқтыру қаупін әлі де болса жете түсінбей отырғанын айқындап тұр.  

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы