Жерлеу бағасын көтергендер
Жерлеу бағасын көтергендер
Фото ашық дереккөзден алынды
Осылайша,  жақындарынан айырылып,  қайғыдан  қан жұтып отырғандар материалдық қана емес, моральдық тұрғыда да зардап шекті.  Зират қызметкерлері оларға түбіртек бермеген, ал ақшаны заңсыз пайдаланған. «Мемлекет басшысының, сондай-ақ  ІІМ басшылығы тап­сырмасын орындау  мақсатында, белгіленген мөлшерден басқа, марқұмның туыстарынан қайтыс болған адамдарды жерлеу қызметі үшін қосымша қаражат алудың заңсыз әрекетін болдырмау үшін арнайы тергеу-жедел топ­тары құрылды. Қабылданған ша­ра­лар нәтижесінде полиция қызметкерлері өз іс-әрекеттерін мойындаған екі азаматты анықтап, қамауға алды»  делінген Алматы қаласы  Полиция департаментінің  хабарламасында. Қазіргі уақытта жәбір­ленушілер мен күдіктілердің қа­тысуымен  тергеу жүріп жатыр.  Содан кейін  әрбір кінәлі адамның іс-әрекетіне жеке құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар  жерлеу кезінде заңсыз бопсалаудың алдын алу үшін басқа жерлеу орындары да тексерілмек.  

Тұмар МЫРЗА