Осылайша, жақындарынан айырылып, қайғыдан қан жұтып отырғандар материалдық қана емес, моральдық тұрғыда да зардап шекті. Зират қызметкерлері оларға түбіртек бермеген, ал ақшаны заңсыз пайдаланған. «Мемлекет басшысының, сондай-ақ ІІМ басшылығы тапсырмасын орындау мақсатында, белгіленген мөлшерден басқа, марқұмның туыстарынан қайтыс болған адамдарды жерлеу қызметі үшін қосымша қаражат алудың заңсыз әрекетін болдырмау үшін арнайы тергеу-жедел топтары құрылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері өз іс-әрекеттерін мойындаған екі азаматты анықтап, қамауға алды» делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарламасында. Қазіргі уақытта жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен тергеу жүріп жатыр. Содан кейін әрбір кінәлі адамның іс-әрекетіне жеке құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар жерлеу кезінде заңсыз бопсалаудың алдын алу үшін басқа жерлеу орындары да тексерілмек.
Тұмар МЫРЗА