Nur Otan партиясы фракциясының депутаттары мен кәсіпкерлердің бұл көмегін Jas Turkistan еріктілер клубы мен аудандардағы "жасотандықтар" және жастар ресурстық орталығының еріктілері тұрғындарға жеткізуде.
«Бүгін «Шипа» жобасы бойынша аудан, қалалардағы мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек-дәрі-дәрмек жолдап отырмыз. Ерікті жастар бұл бастамаға қолдау көрсетуде. Біз осындай қадамдар арқылы тұрғындарға көмек қолын созуды мақсат тұттық. Партия филиалына, нұротандық депутаттарға, демеуші ағаларға, волонтер жастарға алғысымыз мол», – дейді ол.