Қайырымдылық акциясы аясында «Адал жол» бастауыш партия ұйымы мүшелері мен қаланың мәдениет саласы қызметкерлері Қ.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне, Ақмола облыстық тері-венерология диспансеріне, сондай-ақ Көкшетау қаласындағы медициналық колледж базасындағы провизорлық стационарға тәттілер салынған сөмкелер мен 500 литр ауызсу апарып берді.
«Қайырымдылық акциясын өткізу арқылы осындай қиын кезеңде адамдарға мейірім, қуаныш сыйлағымыз келді. Бірліктің арқасында бұл вирусты жеңіп, қалыпты өмірімізге ораламыз деген сенімдеміз», – дейді Көшетау қаласы мәдениет бөлімінің жетекшісі Айгүл Сабитова.Жергілікті кәсіпкерлер мен меценаттар ақ халатты абзал жандарды назардан тыс қалдырып жатқан жоқ. Пандемияның өршуі қайырымдылық шаралардың көбеюіне ықпал еткені рас. Әлем елдерінде арнайы волонтерлік топтар құрылып, мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтып, психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Такси жүргізушілері егде адамдарды баратын жеріне тегін жеткізсе, компаниялар вируспен күреске миллиондар бөліп жатыр. Осылайша карантин қайырымды, белсенді жандардың бірігуіне әсер етті.