23-25 шілде аралығында Қазақстанда күн суытып, нөсер жауын жауады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағына жаңбыр әкеледі. Елдің солтүстік бөлігінің кей жерінде нөсер жауын болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл, қатты жел соғып, бұршақ жауады, ауа температурасы төмендейді.