Тоқаев табиғатқа зиян келтіргендерге салынатын айыппұл көлемін ұлғайтуды тапсырды
Тоқаев табиғатқа зиян келтіргендерге салынатын айыппұл көлемін ұлғайтуды тапсырды
© сурет интернеттен алынды
169
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа зиян келтіргендерге салынатын айыппұл көлемін ұлғайтуды тапсырды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.
«Мемлекет басшысымен сөйлестім. Президент табиғатқа зиянын тигізгендерге қатысты жауапкершілікті күшейтуді және айыппұл көлемін артыруды тапсырды. Біздің бірлескен күш-жігеріміз ғана еліміздің бірегей табиғи байлығын сақтауға көмектеседі. Сондықтан журналистерге, блогерлерге, экологтарға, қоғам қайраткерлеріне, қоршаған ортамыздың немқұрайлы қарамайтындарға айтарым: барлығымыз бірігіп, өзіміз жол көрсетіп, әрбір қазақстандықты табиғатты құрметтеуге, оған қамқорлық жасауға үйретейік», - деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша,  қазақстандықтарға осындай ұран тастау керек.