Алтай Көлгінов: Халық банк LRT-ны салуға көмектеседі
Алтай Көлгінов: Халық банк LRT-ны салуға көмектеседі
168
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы жеңіл рельсті (LRT) көліктің құрылысына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді.

«LRT бойынша: барлық нормативті-құқықтық құжаттар үкіметтік және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қабылданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр», – деді қала әкімі.

Оның айтуынша, бұған дейін қытайлық инвестициядан бас тарту туралы шешім қабылданған.

«Бұдан бұрын айтқанымыздай, біз қытайлық қарыздан бас тартып, 800 миллион АҚШ долларын үнемдедік. Біз «Халық банкпен» 3 пайыздық қарызбен 500 млн (АҚШ доллары), сондай-ақ, 100 млн (АҚШ доллары) бойынша «Бәйтерек» холдингімен келістік. Бұл қаражат жұмысты бастауға жеткілікті», – деді Алтай Көлгінов.