Аурухана ұжымы оттегі аппаратын әперген партия мүшесіне алғыс айтты
Аурухана ұжымы оттегі аппаратын әперген партия мүшесіне алғыс айтты
168
оқылды
Коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты Қостанай облысы Денисов ауданында қажетті медициналық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі байқалды.   Аудандық аурухананың провизорлық стационарына оттегі концентраторы қажет болды.
– «Nur Otan» партиясының Денисов аудандық филиалы Вizbirgemiz партиялық акциясы аясында «Арай Холдинг» ЖШС бас директоры, партия мүшесі Виктор Соложенконың атына Денисов ауданындағы ауруханаға 4 дана оттегі концентраторын алып беру жөнінде өтінішхат жіберілді. Қажетті жабдық екі күннің ішінде сатып алынып, ауруханаға жеткізілді, – деді партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары В.Шерер.  width=
Аппарат тыныс алуы қиындаған науқастарға берілді. Бұл індетпен күресіп жатқан жандарды аман алып қалуға септігін тигізеді.
– «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының және медицина қызметкерлерінің атынан  «Арай-холдинг» ЖШС ұжымына және бас директоры В.Соложенкоға осындай қиын сәтте әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз, – деді В.Шерер.  width=