Коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты Қостанай облысы Денисов ауданында қажетті медициналық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі байқалды. Аудандық аурухананың провизорлық стационарына оттегі концентраторы қажет болды.
– «Nur Otan» партиясының Денисов аудандық филиалы Вizbirgemiz партиялық акциясы аясында «Арай Холдинг» ЖШС бас директоры, партия мүшесі Виктор Соложенконың атына Денисов ауданындағы ауруханаға 4 дана оттегі концентраторын алып беру жөнінде өтінішхат жіберілді. Қажетті жабдық екі күннің ішінде сатып алынып, ауруханаға жеткізілді, – деді партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары В.Шерер.Аппарат тыныс алуы қиындаған науқастарға берілді. Бұл індетпен күресіп жатқан жандарды аман алып қалуға септігін тигізеді.
– «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының және медицина қызметкерлерінің атынан «Арай-холдинг» ЖШС ұжымына және бас директоры В.Соложенкоға осындай қиын сәтте әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз, – деді В.Шерер.