Денисов ауданында да коронавирус індеті бойынша қалыптасып отырған жағдайға және оқшаулау шараларының күшейтілуіне байланысты қажетті дәрігерлік жабдықтардың жетіспеушілігі орын алды. Аудандық аурухананың күндізгі бақылау бөліміне оттегі өндіретін қондырғы алу қажеттілігі туды.
– «Nur Otan» партиясының Денисов аудандық филиалы партияның «Вizbirgemiz» акциясы шеңберінде «Арай-холдинг» ЖШС-інің бас директоры В.И. Соложенковтың атына Денисов аудандық ауруханасына оттегі өндіретін 4 қондырғы алып беру жөнінде өтініш жолдады. Екі күннің ішінде аталған жабдық сатып алынып, аудандық ауруханаға жеткізіліп берілді, – деп атап өтті партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары В. Шерер.
– Дәрігерлер мен «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының атынан «Арай-холдинг» ЖШС-і компаниясының топ басшыларына және оның бас директоры В.И. Соложенковқа бәріміз үшін қазіргідей күрделі жағдай туындағанда белсенді әлеуметтік жауапкершілік үлгісін көрсеткені және қолдағандары үшін ризашылық білдіреміз, – дейді В. Шерер.