Nur Otan өкілдері ауруханаға көмек көрсетті
Nur Otan өкілдері ауруханаға көмек көрсетті
Фото: Автордан
160
оқылды
– Еліміздегі күрделі жағдай кезінде біз дәрігерлеріміз бен халқымызға тек рухани жағынан ғана емес материалдық тұрғыдан да қол ұшын созуға тырысудамыз.    width=  width= Бүгінгі таңда ел көлемінде індетің өршіп тұрғандығы бәрімізді де алаңдатады. Осы індетпен бірлесе күрескенде ғана жеңіп шығатын боламыз – дейді  Әсемқан Серқанұлы бұл жөнінде.
– Облыстық мәслихат депутаты, қаламызға белгілі кәсіпкер Әсемқан Серқанұлына бізге көрсеткен ауқымды көмегі мен қолдауы үшін барша дәрігерлеріміздің атынан алғысымызды білдіремін. Осындай қиын кезеңде күндіз-түні азаматтарымызға қызмет көрсетіп жатқан дәрігерлер қауымына бұл үлкен қолдау деп білемін. Еліміз осы індеттен тездетіп айығып, қалыпты өмірге оралуын тілеймін, – деді Семей қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігері Ерлан Бүркітов.
Облыс бойынша қазіргі уақытта Nur Otan партиясының ұйтқы болуымен дәрігерлерді қолдау мақсатында түрлі ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылуда.  

Мониторинг күн сайын жүргізіледі

     width=  width= Мәселен, бүгін Өскемен қаласында Nur Otan партиясының Өскемен қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері ыстықты түсіретін және вирустарға қарсы дәрі-дәрмектердің дәріханалар мен толайым сату орындарында бар-жоғына мониторинг жүргізді. Рейдтің барысында дәрілердің орташа бағаларына ерекше көңіл бөлінді. Мониторинг дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесінің өз шешімін тауып келе жатқандығын көрсетіп отыр. Сұранысқа ие дәрілер болмай қалған жағдайда алмастыратын дәрі-дәрмектер ұсынылуда.    width= Тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие медикаменттер толайым сату орындарына тұрақты жеткізіліп, қаладағы дәріханаларға таратылуда. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, облыстық прокуратура, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті, "Шығыс – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі, Арнайы мониторингтік топтың және ақпараттық-насихаттау штабының өкілдері бүгін бірқатар дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмек мөлшері мен олардың бағасына мониторинг жүргізді.    width= Мақсат – дәрі-дәрмек тапшылығын жою және медициналық препараттардың құнын негізсіз өсіруге жол бермеу. Мұндай шара аудандарда да қолға алынды. Мамандар күнделікті дәріханаларды тексеріп, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін назарға алады. Күрмеуі қиын мәселелер құзырлы органдарға жолданады. Тексеруші топ күніне 10-ға жуық нысанға барып, талаптардың сақталуы мен ем-дом препараттар қорын тексереді. Топ мүшелерінің айтуынша, заң бойынша дәріханалардың дәрі-дәрмектің бағасын рұқсат етілген бағадан жоғары қоюға құқығы жоқ болса да, бірқатар дәріханаларға тұрғындардан шағымдар түскен. Сонымен қатар, дәрі сатып алу кезінде чек берілмейтіндігі де айтылған.    width= Жұмысшы топ қаладағы 1 дәріханада кейде чек берсе, кейде бермейтіндігіне көз жеткізіп, қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, рейд барысында олар тұрғындарды жалған жарнамаларға алданып қалмауға, тек дәріханалардан, медицина қызметкерінің рецепті бойынша ғана алуға шақырды. Сонымен қатар шекті бағаны кез-келген азамат андроид желісінде «dariKZ» мобильді қосымшасын жүктеп алып, бөлшек саудада сатылатын немесе босатылатын дәрілік заттардың шекті бағасын бақылай алады. Егер баға шекті сомадан асып кетсе, түбіртегін алып, заң аясында арыздануға мүмкіндік бар. «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бақыттың айтуынша, арнайы құрылған мониторингтік топ ағымдағы 8 шілдеден бері облыс орталығындағы 140 дәріхананы және 8 дәрі қоймасын тексерген. Нәтижесінде 18 құқықбұзушылық фактілері анықталып, 5 әкімшілік хаттама толтырылған.    width= Еске салайық, тұрғындар өңірдегі дәрі-дәрмек бағасына қатысты заңсыздықты байқаған болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің CALL-орталығына 1424 нөмірі арқылы хабарласа алады. Жалпы, қажетті препараттар мен жеке қорғаныс заттары қаладағы барлық дәріханаларда сатылымда бар. Сонымен қатар, қалалық медициналық мекемелер қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Айта кетейік, жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша аудио, бейне жазбалар бен ұсыныс, шағымдарды  8702 000 24 94 және 8775 306 78 50 WhatsApp нөмірлеріне дәріхана атауын көрсете отырып жолдауға болады.

Алтай ауданында дүрлігу жоқ

Шығыстың тағы бір іргелі өңірі Алтай ауданында да дәріханалардағы жағдай тұрақты. Nur Otan партиясы Алтай аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қала дәріханаларында медициналық препараттардың бар-жоғы жөнінде тұрақты түрде рейд жүргізіп келеді.    width= Бүгінгі рейд қазіргі уақытта ыстықты төмендететін, вирусқа қарсы дәрілердің еркін қолжетімді екенін көрсетті. Халықтың жаппай сатып алуы бойынша дүрлігу жоқ. Шекті рұқсат етілген баға бойынша белгіленген препараттардың бағасы қымбаттамаған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта тұрақты жалғасады.  

Дәурен АЛЛАБЕРГЕНҰЛЫ,

Шығыс Қазақстан