Көбейтұзды ерекше қорғалатын аумақ тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды
Көбейтұзды ерекше қорғалатын аумақ тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды
104
оқылды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Көбейтұз көліне ерекше мәртебе берілетінін айтты.
«Шынымен де соңғы айдағы жағдайлар қысқа ғана уақыттың ішінде табиғатқа қаншама зардап әкелуге болатынын көрсетіп берді. Көбейтұз – бірегей көл. Мобильді бекеттер мен шлагбаум қою арқылы проблема шешілмейді. Өйтені шлагбаумды айналып өтетіндер қашан да табылады. Сондықтан бұл істі екі жолмен шешу қажет. Біріншісі – экологиялық ағарту жұмыстары және айыппұлды көбейту. Екіншіден, көлдің бірегейлігін ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақ статусын бермекшіміз. Көбейтұзды ерекше күзетілетін аумақ тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды. Мемлекет оны күзетке алады. Адам аяғы басатын жердің бәріне күзет қоя алмаймыз. Біз  азаматтарымыздың экологиялық санасына үміт артамыз», – деді министр онлайн-брифингте.
Еске сала кетейік, бұған дейін Көбейтұз көлінің тұзын 5 мың теңгеге саудалап жатқанын жазған болатынбыз.