Жетісуда «Jas Otan» жастары туристерге бетперде таратты
Жетісуда «Jas Otan» жастары туристерге бетперде таратты
Алматы облысында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan»  Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев пен облыстық партия филиалының өкілдері Кеген ауданындағы Көлсай көлі жағасында демалушыларға 1000 бетперде таратты.  width= Індеттің таралуы әлі саябырсымай тұр. Өкінішке қарай, шомылу маусымында демалушылар тарапынан қарапайым бетперде тағу ұмыт болып барады. Осы орайда, індеттің таралуын алдын алуда Алматы облысының жасотандықтары саяхатқа шыққандарға  бетперде тағудың маңызын түсіндірді.  width= Жалпы, Көлсай көліне келушілердің қатары жылдан-жылға артып отыр. Егерде он жыл бұрын жылына 6 мыңға жуық туристер келіп жүрсе, ал 2019 жылы күніне осынша турис келген екен. Одан бөлек, былтыр өзге елдерден 41 мыңға жуық турист келген. Жасотандықтардың айтуынша, игі іс әлі де жалғасын таппақ.                                                                                                                                                   Мадияр ТӨЛЕУ