Тұмау да қауіпті - Бекшин
Тұмау да қауіпті - Бекшин
© сурет интернеттен алынды
145
оқылды
Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин маусымдық тұмаудың алдын алу үшін оған қарсы екпе салу керек пе және ол коронавирусқа қалай әсер етеді деген сұрақтарға жауап берді. "Коронавирус пен тұмаудың белгілері ұқсас, олардың асқынуы да бірдей. Тұмау, ЖРВИ-дің асқынуы пневмония болып есептеледі. Бұл мәселені біз басқа ведомство өкілдерімен бірге талқылаған болатынбыз. Екпе жұмыстарын белсенді түрде жүргізу керек. Тұмауға бір ай, екі-үш аптадан кейін коронавирус инфекциясы қосылса, науқастың иммунитеті шыдай алмайды", - дейді Бекшин. Сондай-ақ бас санитар коронавирус инфекциясы тәрізді жедел респираторлық және вирустық инфекциядан да адамның көз жұматынын айтты.