Ауызсусыз отырған елді мекен (видео)
Ауызсусыз отырған елді мекен (видео)
©Сурет интернеттен алынды
148
оқылды
Ауыл өзеннің жағасында отырып, құбырынан қазір су емес, ауа атқылайды. Бұл жағдайға 4 ай болған. Ал оған дейін күніне бір-екі сағат болса да берілген екен. Сырттан көлікпен әкелінетіні де өткен аптадан бері жоқ. Сондықтан ел Есіл өзенінен су тасып ішуге мәжбүр. Оны кейбірі сүзгі сатып алып, тұндырып ішеді екен. Бұған шамасы келмегендер, амал жоқ, өзеннің суын сол күйде ішуге мәжбүр. Ауылдықтардың айтуынша, елді мекендегі 125 отбасының 50 шақтысы осындай лас суды пайдаланады. Суды әкелуге мүмкіндік болмаса ел сатып алуда. Мысалы, 4 куб су 5 мың теңге тұрады. Осы мәселемен ауыл тұоғындары талай мекеменің табалдырығын тоздырып, талай жерге хат жазған. https://youtu.be/ApsfBtu2p5c – Жаз уақытының лабораториясын жіберді. Қазір күзгі уақытын күтіп отыр. Күз уақытында судың сапасы өзгереді ғой, жерасты суы болғандықтан. Содан кейін ол сапалы су болатын болса, құжаттамасын береді. Сол құжаттамасын біз негізге алып, сосын жобалық сметасын жасаймыз. Оның өзі жарты жыл уақыт қажет етеді. Қысқа мерзімде жасайтын болса егер. Сосын жобалық смета жасалғаннан кейін біз облыстық басқарма арқылы республикалық деңгейде қаржы сұрауға құжат – бюджеттік өтінім тапсырамыз. Екі жыл уақыт керек ғой, егер осындай күрделі жөндеу жүргізіп, сапалы су беретін болсақ.  Проблеманы шешуге екі жыл уақытпен қоса қыруар қаражат та қажет. Бұл шамамен 500 млн теңге. Ал сургандықтар болса, «жергілікті биліктің уәдесіне әбден тойдық, енді жоғары жаққа шағымданамыз» деп, бекініп отыр,  – Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәуренбек Нұрлыбеков