Алматыда коронавирус жұқтырған бес жүкті әйел қайтыс болды
Алматыда коронавирус жұқтырған бес жүкті әйел қайтыс болды
© inform.kz
5,117
оқылды
Алматыда коронавирус жұқтырған бес жүкті әйел қайтыс болды. Бұл туралы Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров хабарлады. "Өкінішке орай, Алматыда коронавирус жұқтырған бес жүкті әйел қайтыс болды. Науқастар жыныстан тыс дертпен қатар өкпенің зақымдануынан зардап шекті. Соның бәрі қосылып, жүктілік өліммен аяқталды", - деді Надыров. Оның айтуынша, осы бес өлім қатаң бақылауға алынып, комиссия әрқайсысы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Айта кетейік, Алматы перзентханаларының барлығында коронавирус инфекциясын жұқтырған әйелдерге арналған бөлім бар. Жуырда қаладағы №4 перзентханаға тағы 105 төсек-орын қосылады. Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстанда пандемия басталған уақыттан бері 40 жүкті әйелдің коронавирус жұқтырып, пневмониядан қайтыс болғанын айтқан болатын.