Жуалылық кәсіпкерлер коронавируспен күреске 109,6  миллион жинап берді  
Жуалылық кәсіпкерлер коронавируспен күреске 109,6  миллион жинап берді   
154
оқылды
Коронавирус кеселімен күресте жамбылдық кәсіпкерлер күш жұмылдыруда. Күні кеше өңірдің бизнес өкілдері облыс орталығындағы ауруханаларды өкпенің ауа жұтуына қажетті құрылғылармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етсе,  жуалылық бизнесмендер де емдеу мекемелеріне қолұшын созуда.     Игі бастамаға жергілікті кәсіпкерлер мен  ерікті жастар үн қосып,  аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде емделіп жатқан науқастарға оттегі  баллондары мен өзге де  қажетті заттарды алуға  көмектесуде. Күні кеше  аудандық ауруханаға қорғаныс құралдарының алғашқы легі жеткізілді. Оны Жуалы ауданында туып-өскен, қазіргі таңда басқа өңірлерде тұратын, сонда кәсіп ашып, жемісті жұмыс жасап жатқан жерлес кәсіпкерлер ұйымдастырып жеткізген.  width= Қорғаныш  құралдарының ішінде  5 000 дана «КН-95» маркалы респиратор, 5 000 дана бір рет және көп рет қолданылатын арнайы қорғаныс костюмі мен  бір рет қолданылатын медициналық қолғаптар бар.   https://youtu.be/TelDU3X9BJk Ал жалпы Жуалы аудандық ауруханасына  109,6  миллион  теңге көлемінде гуманитарлық көмек келеді деп күтілуде. Жырықта жүрсе де, туған топыраққа деген кәсіпкерлердің ыстық ықыласы мен  демеушілігі  қандай мақтауға да лайық.  

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы