Коронавирус кеселімен күресте жамбылдық кәсіпкерлер күш жұмылдыруда. Күні кеше өңірдің бизнес өкілдері облыс орталығындағы ауруханаларды өкпенің ауа жұтуына қажетті құрылғылармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етсе, жуалылық бизнесмендер де емдеу мекемелеріне қолұшын созуда.
Игі бастамаға жергілікті кәсіпкерлер мен ерікті жастар үн қосып, аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде емделіп жатқан науқастарға оттегі баллондары мен өзге де қажетті заттарды алуға көмектесуде. Күні кеше аудандық ауруханаға қорғаныс құралдарының алғашқы легі жеткізілді. Оны Жуалы ауданында туып-өскен, қазіргі таңда басқа өңірлерде тұратын, сонда кәсіп ашып, жемісті жұмыс жасап жатқан жерлес кәсіпкерлер ұйымдастырып жеткізген.
Саятхан САТЫЛҒАН,
Жамбыл облысы