Өзбекстанда «Абайдың дана сөзі» жарық көрді
Өзбекстанда «Абайдың дана сөзі» жарық көрді
Фото: uza.uz
177
оқылды
ӨзА агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан Жазушылар одағы әлем халықтарының әдебиетін зерттеу және насихаттау бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Бауырлас халықтардың әдебиетін насихаттау мақсатында «Әдебиет достығы – мәңгілік достық» сериясымен жарық көрген кітап Абайдың туғанына 175 жыл толу меретойына арналады. Ақын шығармасы тек қана қазақ халқының емес, күллі Орта Азия халықтарының өмірінде алар орны ерекше. Абай шығармашылығы туралы жаңа кітап әдебиетшілер арасында үлкен қызығушылық тудырады. Кітап авторы Қодиржон Носиров бұған дейін де мақалалар жазып, Абайдың өмірі мен қызметі туралы оқу-әдістемелік құралдарды құрастырды. Жаңа туындыда автор архив деректері бойынша қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихындағы Абайдың рөлін көрсетуге, сондай-ақ ұлы ойшыл мұрасының идеялық-эстетикалық құндылығын зерделеген. Кітапта Абайдың сөз өнеріне қосқан жаңалығы,адами болмысы жан-жақты қамтылған.