Исламхан «Қайраттан» кетуі мүмкін
Исламхан «Қайраттан» кетуі мүмкін

Футболдан Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайраттың» капитаны әрі шабуылшысы Бауыржан Исламхан еуропалық командаға ауысуы мүмкін. Футболшы қысқы трансферлік терезе кезінде болгариялық «Лудогорец» клубына ауысады деген ақпарат тарады.

Бауыржанның «Қайратпен» келісімшарты осы жылы желтоқ­сан айында аяқталады. Сондық­тан футболшы «Лудогорецке» еркін агент ретінде ауысуы әбден мүмкін. Дереккөзінің мәліметін­ше, болгариялық клуб шабуылды өрістететін креативті ойыншы іздеген және қазақстандық ша­буыл­шының өнеріне біраздан бері бақылау жүргізген. «Лудо­горец» клубы өз елінің чемпио­на­тын соңғы сегіз жыл қатарынан жеңіп келе жатыр. 2011 жылдан бері жоғары лигада ойнап келе жат­қан ұжым екі мәрте Чемпион­дар лигасының топтық кезеңінде ойнап, үш рет Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсет­кен.

26 жастағы шабуылшы «Қай­рат» сапында 2014 жылдан бері ойнайды. Оған дейін «Астана», «Тараз» және ресейлік «Кубань» клубтарының намысын қорғаған. Қазақстан ұлттық құрамасы сапын­да 38 матчта алаңға шы­ғып, 3 рет қарсыластар қақпасын дәл көздеген. Еске салсақ, осы­ған дейін Болгария чемпиона­тында Еркебұлан Сейдахмет те өнер көрсеткен. Ол жарты жыл­дай «Левски» сапында доп тепті. Сон­дай-ақ қазақ­стандық Ерке­бұлан Нұрғалиев есімді спортшы да атал­ған елдің «Шахтер» коман­да­сы­ның жейдесін киген болатын. Сондай-ақ «Қайрат» сапынан қорғаушы Елдос Ахметов те кетуі мүмкін. Қазір оған бірқатар отандық премьер-лига клубтары қызығушылық танытуда. 29 жастағы футболшы Еуропа лигасы аясында израилдік «Ха­поэл» клубына қарсы өткізген ойында алаңнан қуылғаннан кейін алаңға шыққан жоқ. Биылдыққа ол чемпионатта – 7, ал Еуропа лигасында 4 кездесуге қатысты. Бұған дейін «Ертіс», «Астана», «Тараз» коман­дала­рын­да ойнап, ұлттық құрама намысын да қорғаған.