Алматы облысында 12 тонна контрабандалық жүк жойылды

Алматы облысында 12 тонна контрабандалық жүк жойылды
Фото: Интернеттен алынды

Әкелуге тыйым салынған және жойылуға жататын жүк Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен уақытша сақтауға орналастырылған ұсталған (контрабандалық) тауарларды түгендеу іс-шаралары нәтижесінде анықталды. Олар бойынша жою туралы шешім қабылданды.

2020 жылдың шілде айында Алматы облысы бойынша МКД заңсыз контрабандалық жолмен алып өтпек болған Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған бұрын ұсталған тауарларды жою жұмыстарын жүргізді.

Хаттамадан кейін 12 тонна көлемінде барлық жүк «Қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстандық оператор» ЖШС аумағында жойылды.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.