Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда пневмониядан қанша адамның емделіп жатқанын айтты.
«Соңғы 20 күнде 63 491 адам тіркелді. Қазіргі уақытта 45 мың науқас ауруханада ем алып жатыр», - деді бас санитар Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинггте.Еске сала кетейік, бұған дейін ол 5 шілдеде қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бастап сырқаттану деңгейінің өспегенін хабарлаған болатын..