"Nur Otan" Қостанай облысындағы фармацевтикалық жағдайға қоғамдық мониторинг жүргізді
"Nur Otan" Қостанай облысындағы фармацевтикалық  жағдайға қоғамдық мониторинг жүргізді
118
оқылды
Қостанай облысындағы медициналық және фармацевтикалық қызмет ауқымындағы бақылау комитеті тәрізді мемлекеттік өкілетті органдардың жүйелі жұмыстарымен қатар фармацевтік нарықтағы жағдайға қоғамдық мониторинг жүргізіліп отырады. Жұмыс шеңберінде  Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова «Достық» профилакторийінде орналасқан тексеру орталығында болды.  Қостанай облыстық ауруханасы бас дәрігерінің терапия жөніндегі орынбасары Ирина Гусаченконың айтуы бойынша, бүгінгі таңда тексеру орталығында 7 дәрігер, 13 медбике және 13 тазалықшы жұмыс істеп жатыр.  width=
 «Достық» профилакторийіндегі тексеру стационарында оттегіні байытатын 3 құрылғы, 1 оттегі баллоны бар. Ем қабылдаушыларға тамақ бес рет беріледі, диагностикалық, зертханалық  жұмыстар таңертең жүргізіліп, облыстық ауруханаға жіберіледі, үдеріс толығымен жолға қойылған, - дейді Ирина Николаевна.
Сол сияқты Ирина Аронова таза белдеу бөлмелерінде болды. Медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысты, оларда бетперде,  халат және басқа да жеке қорғаныс құралдарының болуын тексерді. Ашық ауада балкондарына шығып тұрған науқастармен қашықтан әңгімелесті. Проблемалық мәселелер жоқ болып шықты. Бәрі де бар, көңілдері тоқ.  width= Сонымен бірге қонақ  № 59 дәріханада да болды. Дәріхана директоры Максим Кукушкиннің айтуы бойынша, бүгінгі таңда дәрі тапшылығы жоқ, дәлелсіз себептермен дәрі бағасының қымбаттауына жол берілмеген. Сонымен қатар фармацевтикалық саланың мамандары, емдеуші дәрігерлер азаматтарды өз беттерінше күші әсер ететін антибиотиктарды, антикоагулянттарды, гормоналдық дәрілерді қолдануда сақтық білдіргені жөн деп ескертеді. Дәрігердің бақылауынсыз ол денсаулықты ауыр салдарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Дәрі-дәрмектерді «қажет болар» деп шамадан тыс көп сатып алмауға шақырды. Өйткені артығымен алған дәрілер қобдида текке жатқанда, дәл қазір ауадай қажет басқа науқастарға сол дәрілер жетпей жатуы мүмкін.