Қостанай облысындағы медициналық және фармацевтикалық қызмет ауқымындағы бақылау комитеті тәрізді мемлекеттік өкілетті органдардың жүйелі жұмыстарымен қатар фармацевтік нарықтағы жағдайға қоғамдық мониторинг жүргізіліп отырады.
Жұмыс шеңберінде Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова «Достық» профилакторийінде орналасқан тексеру орталығында болды. Қостанай облыстық ауруханасы бас дәрігерінің терапия жөніндегі орынбасары Ирина Гусаченконың айтуы бойынша, бүгінгі таңда тексеру орталығында 7 дәрігер, 13 медбике және 13 тазалықшы жұмыс істеп жатыр.
«Достық» профилакторийіндегі тексеру стационарында оттегіні байытатын 3 құрылғы, 1 оттегі баллоны бар. Ем қабылдаушыларға тамақ бес рет беріледі, диагностикалық, зертханалық жұмыстар таңертең жүргізіліп, облыстық ауруханаға жіберіледі, үдеріс толығымен жолға қойылған, - дейді Ирина Николаевна.Сол сияқты Ирина Аронова таза белдеу бөлмелерінде болды. Медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысты, оларда бетперде, халат және басқа да жеке қорғаныс құралдарының болуын тексерді. Ашық ауада балкондарына шығып тұрған науқастармен қашықтан әңгімелесті. Проблемалық мәселелер жоқ болып шықты. Бәрі де бар, көңілдері тоқ.