Ведомствоаралық комиссия карантинді жеңілдетудің түрлі амалын қарастыруда - Есмағамбетова
Ведомствоаралық комиссия карантинді жеңілдетудің түрлі амалын қарастыруда - Есмағамбетова
© сурет интернеттен алынды
129
оқылды
Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 2 тамызға дейін созылатын қатаң карантин ары қарай созыла ма деген сұраққа жауап берді.
«Карантиннің ары қарай созылып, созылмауы бәрімізді толғандырады. Екі аптаны карантинде өткіздік, енді тағы екі апта шыдауға тура келеді. Ары қарай карантиннің жеңілдетілуі немесе қатаңдатылуы оның оның орындалуына және жүзеге асуына байланысты. Қазір Премьер-Министрдің орынбасары  басшылығындағы ведомствоаралық комиссия карантинді жеңілдетудің түрлі жолын қарастырып жатыр», - деді ол брифингте.
Оның айтуынша, егер карантин жеңілдетілсе, азаматтар мен көліктердің жүріп-тұруына, кәсіпкерлік нысандардың жұмысына қатысты талаптар қосымша қайта қаралады. Еске сала кетейік, бұған дейін ол елімізде 5 шілдеде қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бастап сырқаттану деңгейінің өспегенін хабарлаған болатын.