Алматыда 400 адамға маска тақпағаны үшін 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тікелей эфирде айтты. Қалада қазір қоғамдық орындарда, аялдамаларда, подьездер мен дүкендерде маска тағу туралы ескерту жасалмаған.
«Көп азаматтар маска тағу туралы ескертуді елемейді. Кейбір азаматтар масканы тақпай, қалтасына салып жүреді. Ыңғайсыз екені рас. Бірақ, біз бұны өз денсаулығымыз үшін әдетке айналдыруымыз керек. Қазір Алматыда 400 адамға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Егер айыппұлды уақытында төлесе, бұл соманың жартысын ғана төлейді», - деді әкім.Еске сала кетейік, бұған дейін қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин көшеде бір топ адам арасында маска тақпай жүргендерге айыппұл салынатынын айтқан болатын.