Шараның басты мақсаты – Covid-19 пандемиясы кезінде үздіксіз еңбек етіп жүрген дәрігерлерді қолдап, қажетті азық-түліктер салынған «Алғыс пакеттерін» табыстау, дәрігерлерге зор құрмет пен ыстық ықылас білдіру.
300-ге дейін азық-түлік пакеті тапсырылмақ
Алмас Виленұлының айтуынша, қазір Өскемен қаласында 92 дәрігер мен 153 мейірбике індет жұқтырған тұрғындарды емдеп шығаруға күш салып жатыр. Алдағы уақытта ақ желеңді абзал жандарға 300-ге дейін азық-түлік пакетін дайындап, табыстау жоспарланған. Мұнан соң жасотандық жастар мен еріктілер мінген арнайы автобус қаланың 19 тұрғын ауданында орналасқан «Ана мен бала орталығының» былтыр іске қосылған жаңа ғимаратын бетке алды. Бұл жерде оларды кезекті ауысымнан шыққан жиырмадан астам дәрігерлер мен медбикелер тиісті арақашықтықты сақтай отырып қарсы алды. – Құрметті, дәрігерлер! Бүгін республикалық акцияға үн қосып, адамдардың өмірін сақтап қалу жолында еңбек етіп жатқан Сіздерге алғысымызды айту үшін әдейілеп келіп тұрмыз. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Ең бастысы, өздеріңіз де аман-сау болыңыздар. Тезірек бұрынғы қалпымызға оралайық, – деді Алмас Виленұлы.– Бүгін жұмысымызға келіп, жылы сөздерімен қолдау білдіріп, азық-түлік пакеттерін сыйлап жатқан партияның жастарына ұжым атынан үлкен рахмет айтамын. Тек азық-түлік емес, сонымен қатар алқызыл раушан гүлдерін де ала келіпті. Көңіліміз көтеріліп қалды. Қазіргі қиын жағдайды жеңіп шығуға бар күшімізді саламыз, – дейді инфекциялық орталықтағы аға мейірбике Қазима Рахметова.Байқағанымыздай, елімізге тараған қауіпті індетпен күрестің алғы шебінде жүргендер арасында жас дәрігерлер де өте көп екен.
– Бұл жаңа ғимаратта бүгінде инфекциялық стационар орналасқан. Мұнда коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар ем алуда. Оларды емдеуге күш салып жатқан дәрігерлер үш ауысымда жұмыс істеп жатыр. Кезекті ауысымнан шыққандары бүгін міне Сіздермен кездесуге келіп тұр. Осындай қолдау білдіріп, ізгі тілектерін арнап жатқан Nur Otan партиясына, оның жанындағы Jas Otan жастар қанатына алғы шептегі дәрігерлер атынан үлкен рахмет айтамын. Біз бұл індетті жеңіп шығамыз. Себебі, біздің артымызда мемлекет, басында Елбасы тұрған Nur Otan партиясы, облыс басшылығы тұр. Біз шын мәнінде күн сайын өзімізге көрсетілген қамқорлық пен қолдауды сезініп отырмыз. Күн сайын бізге банк қызметкерлері, кәсіпкерлер, кәсіпорындар өкілдері азық-түлік, қажетті заттар, төсек орындар әкеп жатыр. Тіпті, қарапайым адамдар келіп, «Сіздерге нендей көмек қажет, не әкеліп берейік» деп сұрайды. Бұл бізге үлкен қолдау. Біз біргеміз, әрқашан, – дейді «Ана мен бала орталығының» бас дәрігері Ермек Омарбеков.
Көкпекті ауданы
Сонымен қатар бүгін Шығыстың бірқатар аудандарында дәрі-дәрмектердің бар-жоғына және бағасына мониторинг жүргізіліп жатыр.Алтай ауданы
Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысовтың бастамасымен, аудан кәсіпкерлерінің белсенді қолдауымен жұқпалы аурулар ауруханасында және провизорлық бөлімде пациенттерді қосымша тамақтандыру үшін тамақтандыру блогына азық-түлік жеткізілді. Оның ішінде дертке шипалы қымыз, жеміс-жидек те мол.Дәурен АЛЛАБЕРГЕНҰЛЫ,
Шығыс Қазақстан