Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Бозымбаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Бозымбаевты қабылдады
204
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады.

Министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2019 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша министрліктің жұмысы жөнінде мәлімет берді. Қазақстан Президентіне жанармай нарығының тұрақты жағдайы, мұнай-газ секторының дамуы, мұнай өңдеу зауыттарының ахуалы және энергетика саласына тартылатын инвестициялардың оң қарқыны туралы баяндады. Мемлекет басшысы энергетика саласының дамуына оң баға беріп, аталған бағыттағы жұмысты жандандыра беру жөнінде тапсырма берді. Қанат Бозымбаев Қашаған кенішінде тәулігіне 380 мың баррель мұнай алына бастағанын Мемлекет басшысына мәлім етті.