Көбейтұзға көлікпен кірген жүргізуші қазақстандықтардан кешірім сұрады
Көбейтұзға көлікпен кірген жүргізуші қазақстандықтардан кешірім сұрады
117
оқылды
Полиция Көбейтұз көліне Toyota Land Cruiser көлігімен кірген жүргізушінің кешірім сұраған видеосын жариялады, - деп хабарлайды Polisia.kz. Видеоүндеу полиция учаскесінде түсірілген. Ереже бұзған азамат Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға іссапармен бара жатқанын атап өтті. Жолшыбай бәріне танымал болған Көбейтұзға соғуды ұйғарған.
"Әрине, менің әрекетім дұрыс болған жоқ. Кешірім сұраймын. Мен жаяу да жүре алатын едім, кәрі емеспін, бірақ солай болып қалды. Кешірім сұраймын, әлеуметтік желілерде қатты шу шықты. Шынымды айтсам, мен 40 жастамын, өзім де мұндайды істеймін деп ойламадым", - деді жүргізуші.
Еске сала кетейік, ақмолалық полицейлер құқық бұзушыны тауып, екі бап бойынша - ортақ суды пайдалану ережесін бұзғаны және халыққа ортақ орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.  Оған  13 890 теңге көлемінде айыппұл салынды. https://www.youtube.com/watch?time_continue=99&v=LRWfWPCdTMw&feature=emb_logo