Алматы облысында Есік пен Түрген шатқалдарына серуендеуге тыйым салынды. Бұл туралы Еңбекшіқазақ ауданының бас санитарлық дәрігері Миржан Әзербаев қаулы шығарды. Қаулы 23 шілде - 2 тамыз аралығында Түрген, Есік шатқалдары территориясына кіруге тыйым салуды қамтамасыз етеді. Тек төмендегі ережені сақтаған жағдайда ғана жаяу серуендеуге болады: 1. сусыннан басқа азық-түлік алып өтуге, дастархан жайып, от жағуға тыйым салынады; 2. үш адамнан артық адамдарға топтасып демалуға тыйым салынады; 3. әлеуметтік қашықтық талаптарын, маска киюді қамтамасыз ету; 4. бір отбасынан 3 адамнан артық адамдарға коропоративтік, экскурсиялық, топтық демалыс тыйым салынады 5. осы аймақта орналасқан қонақ үйлер мен демалыс орындарына (қонақ үйлер, туристік базалар) алдын ала төлем алуды тоқтату; 6. қаулы шыққан уақыттан бұрын демалуға келген туристер қонақ үйлер мен шипажайда санитарлық нормаларды қатаң сақтауға міндеттеледі; 7. туристік аймақтарда сауда нүктелері, сауна, бассейн жұмысы тоқтатылады. 8. Іле Алатауы Ұлттық паркіне арнайы қызметтен бөлек көліктердің кіруіне тыйым салынсын», - делінген ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысында. Бұған дейін Алматыда да 14 шілдеден бастап таулы аймақтарға демалуға тыйым салынған болатын.