Жастар резервінің жартысы жұмысқа тұрды

Жастар резервінің жартысы жұмысқа тұрды

Оның айтуынша, жуырда Пре­зидент жастар кадр резер­ві­нің қатысушыларымен жаңа оқы­ту бағдарламасы іске қосы­лады. Айта кетейік, Президент жас­тар кадр резервін құру – Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың негізгі бастамаларының бірі. Мемлекет басшысы бұл бастаманы өзінің сайлауалды бағдарламасы аясын­да дарынды жастар үшін тиімді әлеуметтік лифт құру ша­раларының бірі ретінде жария­лаған болатын. Былтыр күзде конкурс жарияланып, еліміздің 13 аймағынан 13 мыңға тарта қа­зақстандық өтінім берген. Ірік­теу 4 ай жүргізіліп, 300 адам резервке қабылданды. «Осы жылдың 15 ақпанында бағдарлама қатысушыларымен Президенттің өзі кездесті. Мем­лекет басшысы резервтегілермен кездесу барысында «Елдегі ең ауқымды трансформациялар нақты саладағы, қала немесе ауылдағы аздаған өзгерістерден басталады. Иеленген позиция­сына қарамастан, әркім өз ор­нында отырып, жаңғырту про­це­сіне үлесін қосуы керек» деп атап өткен еді. Сонымен қатар Президент бұл бағдарламаның басты мақсаты – лауазымға жай­ғастыру емес екенін, оның басты мақсаты – жас мамандарға өз дарынын, әлеуетін көрсетуге мүм­кіндік беру екенін ескертті», – деген Президент кеңесшісі ре­зеврке ену фактісі – мемлекеттік лауазымға тағайындалу кепілді­гін бермейтінін атап өтті. Оның айтуынша, Жастар резерві бойынша ұлттық комис­сия қандай да бос лауазымға үміткердің кәсіби құзыретін есепке ала отырып ұсына алды. Ал бүгінгі таңда жоғарыда айт­қанымыздай, кадр резервіндегі 150 жас қызметке тағайындалған.  

Тұмар МЫРЗА